Оқиға
Тренд

Сеул қаласындағы құрылыс алаңдарының бірінде Қазақстан азаматы көз жұмды

Сеулдегі құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлады tiek.kz.

Оңтүстік Кореяның ресми органдары таратқан деректерге сәйкес, қайғылы жағдай таңғы сағат 09:45 шамасында Сеулдің оңтүстігіндегі Сочо ауданында болған. 23-қабатта тұрған ер азаматтың үстіне бетон бөлігі құлаған.

Ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растап, мәлімдеме жасады.  СІМ мәліметінше, қазақстандық жазатайым оқиға салдарынан көз жұмған.

«Қазіргі уақытта Корея Республикасының құзырлы органдары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыс орнатып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр», – делінген хабарламада.

Нысанның бас мердігері – Hyundai Engineering & Construction компаниясы.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button