«Көз жұмған 4 сарбаздың біреуінің АК пулеметі маған берілді» — Құрылтай депутаты
Депутат өз сөзінде әскери қызметін осы Маңғыстау облысында өткергенін айтып, бұл саланың ішкі мәселелерін жақсы білетінін атап өтті.

Құрылтай депутаты Наурыз Сайлаубай әскердегі реформа туралы пікір білдірді. Каспийдегі қайғылы жағдайға тоқталып, өзі сарбаз болған кездегі куә болған жайттарды есіне алды. Айтуынша, жалпы әскердегі, соның ішінде Маңғыстау облысындағы ахуалдың да айтарлықтай күрделі.
Депутат өз сөзінде әскери қызметін осы Маңғыстау облысында өткергенін айтып, бұл саланың ішкі мәселелерін жақсы білетінін атап өтті. Осы себепті, Мәжілістің 8-ші шақырылымында көтерілген алғашқы депутаттық сауалдардың бірі де дәл осы әскер саласына бағытталған.
«Қазіргі таңда Қаржы министрлігі мен Жоғары аудиторлық палата өкілдерінен тұратын арнайы комиссия әскерде аудит жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, жауапты тұлғалар тергеліп жатыр. Толық мәлімет алдағы аптада белгілі болып қалуы тиіс. Енді реформаға келсек, осы аудиттің жүргізіліп біткен соң қаржының қайда кеткені, цифрландыру қазіргі жағдайы, жалпы жағдайдың қандай жағдайда екені белгілі соң бағыт-бағдарын сол кезде айқындауға мүмкіндік береді деп ойлаймын», — дейді депутат.
Сондай-ақ ол әскери жаттығулар мен қызмет кезінде әскери қызметшілердің өмірі мен қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс екенін айтады. Яғни әскери саладағы ең басты қағида – қауіпсіздік шаралары болуы тиіс. Аазаматтардың өмір қауіпсіздігі ешқашан талқылауға түспеуі керек.
Осылай деп атап өткен депутат өзінің 25744 әскери бөлімінде бір жылдық мерзімді әскери қызметін өтеген кезеңдегі қиындықтарды тілге тиек етті.
Айтуынша, 2015 жылдың күз айында әскери борышын өтеп жүргенде, жаз айында 4 сарбаздың қаза табуына байланысты десанттық жаттығулар уақытша шегерілген. Сарбаздар су жағасына барғанымен, қайғылы оқиғаның салдарынан сол кездегі жас жігіттердің бойында үрей болғанын жасырмады.
Сол көз жұмған 4 сарбаздың біреуінің АК пулеметі маған берілді. Көз жұмған 4 сарбаздың біреуі ұстаған. Әлі есімде», — дейді Құрылтай депутаты.
Сұхбат соңында депутат 2015 жылы Оймаша полигонында болған жарақат жағдайын да еске алды: Барлық іс-әрекет әскери жарғы мен заңнама талаптарына қатаң сәйкес жүргізілуі тиіс. Кіру, шығу және жүріп-тұру ережелері толық сақталған жағдайда ғана адам шығынының алдын алуға болады.



