Қоғам

Жоғары аудиторлық палата: Қорғаныс министрлігінде ауқымды тексеріс басталды

Жоғары аудиторлық палата қорғаныс министрлігін тексере бастағанын хабарлады

“Жоғары аудиторлық палатасы қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне, сондай-ақ әскери бөлімдердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне мемлекеттік аудит жүргізуді бастады” деп жазды ведомствоның телеграм-парақшасы.

Хабарламада басқа ештеңе айтылмайды. Бір күн бұрын қорғаныс министрлігін “кешенді тексеретін” комиссия құрылған еді. Оның құрамында жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов та бар.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button