Қоғам
«Балаларының қаза болғанын дұрыс жеткізе алмайтын елміз» — Айгүл Орынбек
Өлген балаларыңның тізімін жай ғана қарапайым сарбазға оқытып қоймай, басшылар өздерің шығып, тізерлеп отырып кешірім сұрамайсыңдар ма?!

Бүгін қан жыладың-ау, Батысым!
Ауыр. Өте ауыр. Әрбір видеоны көрген сайын өксік толды кеудеме.
Ешқайсыңды тоқтатқым келмейді. Жылаңдар аямай жылаңдар! Іштеріңде жас қалмасын!
Іштегі боталатқан, ағалатқан, бауырлатқан күйік сыртқа шықсын!
Елімді қорғаймын деп барған батырлардан айдың-күннің аманында айырылып қалдық.
Оқу-жаттығуға шығуға болатын немесе болмайтын уақытты ажырата алмайтын сауатсыз басшылар отырғанда, әлі біраз боздаймыз-ау!
Ей сорлы елім ай!!! Балаларының қаза болғанын дұрыс жеткізе алмайтын елміз!
Өлген балаларыңның тізімін жай ғана қарапайым сарбазға оқытып қоймай, басшылар өздерің шығып, тізерлеп отырып кешірім сұрамайсыңдар ма?!
Аманат қылып тапсырған балаларын тірідей жұтып отырсыңдар ғой!
Бұл — бір үйдің ғана қайғысы емес.
Бұл — елдің қайғысы.
Бұл балаларды ата-анасы сендерге аманаттап тапсырды.
Аманатқа қиянат жасалмауы керек еді!
Енді сол аманаттың алдында жауап беріңдер!
Сосын сарбаздардың әлі денесі жерге тиген жоқ, миллиондап ақша бөлді деп жазуды доғарыңдар!
Миллиондар адам орнын толтыра алмайды!
Заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан



