Қоғам
Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің аты-жөні жарияланды

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің алдын ала тізімі жарияланды.
Тізімде 8 сарбаздың аты-жөні көрсетілген.
- Сержан Аяпберген;
- Әсет Жанабай;
- Алмас Көбенов;
- О. Мұхтарұлы;
- Жеңіс Темірғалиев;
- Азамат Мадихан;
- Ақылбек Төлеген;
- Өмірбек Өмірзақ.
Кейбір дерек көздері көз жұмғандардың саны 12-ге жеткенін жазып жатыр.
Алайда ресми органдар қазіргі уақытта тоғыз әскери қызметшінің қаза тапқанын растады.
Өзге сарбаздарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.



