Қоғам

«Қазақтарға Алланың мықты азабы керек болып тұр»: Жамбылдық мұғалімнің жазбасы дау тудырып жатыр

Оқушыларға хиджаб киюге рұқсат берген мектептер лицензиясынан айырылуы мүмкін деген жаңалыққа «еліне қарғыс» айтып пікір жазған Жарқын Әбдікәрімовтің мектепте мұғалім болып жұмыс істейтіні белгілі болды, деп жазады Ozgeris.info.

«Қазақтарға, Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек болып тұр. Күшті бір экономикалық зардап шегетін, экономикасы құлдырап кететін. Иә, Алла, күйретші. Әмин», деп пікір қалдырған ол.

Оның бұл жазғаны қоғам наразылығын тудырып, артынша ұстаз елден кешірім сұрады.

«Үш балам бар. Кішкентай оқушы қыздарым бар. Мектепке хиджаб киюге қатысты жазған жазбам үшін баршаңыздан кешірім сұраймын», – деді ол.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button