Қоғам
Кәсіпкер Кенесарының басын іздеп жатыр
Кенесары ханның басын елге қайтарған адамға 20 млн теңге беремін.

Кәсіпкер Санжарбек Қосаев Кенесары Қасымұлының басын Қазақстанға қайтарған адамға 20 миллион теңге сыйақы беруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tiek.kz.
Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялаған видеосында айтты.
«Кімде-кім Кенесары ханның басын елге әкелсе, туған жеріне қайтарса, мен өз қалтамнан 20 миллион теңгені сол адамға табыстаймын», – деді Санжарбек Қосаев.
Оның айтуынша, қаражат жеке қаражаты есебінен беріледі.
Айта кетейік, 20 миллион теңге сыйақы беру туралы мәлімдеме – Санжарбек Қосаевтың жеке бастамасы.



