Экономика
Еңбек министрі жойылуы мүмкін мамандықтарды атады

Технология мен ЖИ еңбек нарығын өзгертуде. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаевтың айтуынша, алдағы уақытта мәтін өңдеушілер, мәтін терушілер, дерек енгізу қызметкерлері мен корректорлар сияқты мамандықтар жойылуы мүмкін.
Министрдің сөзінше, көптеген кәсіптер өзгеріп, жаңа бағыттар пайда болады. 2035 жылға дейін Қазақстан экономикасына кадр қажеттілігі 2,9 млн адамды құрайды. Оның 1,8 миллионы жұмысшы мамандықтарға тиесілі. Ең жоғары сұраныс өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және IT салаларында қалыптасады.
Ал болашақта сұранысқа ие мамандықтар тізімі 51-ден 174-ке дейін кеңейтіледі. Оған инженерия, өңдеу өнеркәсібі, биотехнология, жасыл және ядролық энергетика салалары кіреді.



