Қоғам

Алматыдағы тұңғыш президент саябағы жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

Алматыдағы тұңғыш президент саябағы жаңғырту жұмыстарына байланысты уақытша жабылады.

Алматыда Тұңғыш Президент саябағы келушілер үшін толықтай жабылады
Фото: Kazinform

Алматының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мәліметінше, саябақты жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін кезеңде саябақ аумағы келушілер үшін толықтай жабылады.

Алматыда Тұңғыш Президент саябағы келушілер үшін толықтай жабылады
Фото: Kazinform

«Саябақта инженерлік және жүргіншілер жолы жаңартылып, аумақты кешенді көркейту мен көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Жаңғырту кезінде қала тұрғындары мен қонақтары жақын орналасқан Flow Park демалыс орнында серуендей алады», — деп хабарлады басқармадан.

Алматы әкімдігі жұмыстардың аяқталу мерзімі мен саябақтың ашылатын күні туралы қосымша хабарлайды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button