Экономика

Енді зейнетақы жинағын толықтай жеке басқарушы компанияларға аударуға алады

7 қыркүйектен бастап қазақстандықтар міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын 100% инвестициялық портфельді басқарушыға аудару мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлады tiek.kz.

БЖЗҚ хабарлауынша, 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылардың міндетті зейнетақы жинақтарын жеке компанияларға беру мүмкіндігі 100%-ға дейін кеңейеді.

«Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру үшін салымшы зейнетақы активтерін басқаруға жіберілген ИПБ тізілімінен қажетті ИПБ-ны таңдауы қажет. Бұл туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы «Қызметтер – Сенімгерлік басқаруға беру – Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінде орналастырылған. Одан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш беру қажет. Мұны БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып немесе БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып жасауға болады», – делінген хабарламада.

Осылайша салымшылар компаниялардың көрсеткіштерін зерделеп, өз қалауы бойынша капиталын ұзақ мерзімді перспективада көбейте алады. Қазір зейнетақы активтерін басқаруға алты компания айқындалған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button