Т. Рысқұлов ауданының тұрғындары баспаналы болды

Т. Рысқұлов ауданында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бүгін ауданымызда бірқатар отбасыға жаңа тұрғын үйлердің кілттері салтанатты түрде табысталды.
Бұл – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесі.
Салтанатты шарада аудан әкімі Ернар Есіркепов жаңа баспанаға ие болған отбасыларды құттықтап, үй иелеріне тұрғын үй кілттерін табыстады. Шараға тұрғындармен қатар аудан ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері де қатысты.
Жалпы, ауданда тұрғындарды баспанамен қамту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соңғы жылдары 406 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Оның ішінде Арай алқабында 80 пәтерлі екі тұрғын үй, Луговой ауылында 20 қызметтік пәтер, 210 жеке тұрғын үй және «Асарлатып үй салу» жобасы аясында бой көтерген 15 баспана бар.
Бүгінде бұл игі бастамалардың жалғасы ретінде «Отбасы банк» АҚ-мен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде биыл 145 отбасын баспанамен қамту жоспарланып отыр.
Айта кетейік, жыл басынан бері осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде 80 отбасы тұрғын үй кілттеріне ие болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



