Қоғам
Тренд

90 миллион теңгенің сағаты ұрланған: Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбекті тонап кетті

Астанада Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбекке тиесілі құны шамамен 90 миллион теңге болатын қымбат сағаттар ұрланды деген ақпарат тарап жатыр.

Күдікті түпнұсқаларды алдын ала сатып алған көшірмелермен ауыстырып қойған.

Кейін полиция бұл мәліметті растады. Ұрлық Байбек отбасы шетелге кеткен кезде жасалған. 31 жастағы Нұрболат есімді ер адам бұрынғы шенеуніктің көмекшісінің көмекшісі болған. Ол үйдің ішіндегі заттардың орналасуын білген.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті қызметтік көліктен алдын ала алған қосалқы кілт арқылы үйге кірген. Алайда қымбат сағаттарды бірден алып кетпей, олардың орнына көшірмелерін қалдырған.

Ол Breguet, Blancpain, Hublot, Jaeger-LeCoultre және A. Lange & Söhne маркаларының көшірмелерін алдын ала сатып алып, үйдегі түпнұсқа сағаттарды солармен алмастырған.

Үй иелері шетелден оралғаннан кейін сағаттардың түпнұсқа емес екенін байқап, полицияға хабар берген.

Күдікті ұсталып, қылмысын мойындаған. Сонымен қатар ұрланған сағаттарды сатып алған адамның аты-жөнін құқық қорғау органдарына айтқан.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button