Саясат
Тренд

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды.

Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Жаңа әкімнің кандидатурасына  Алматы облысының мәслихаттары өз келісімдерін берді.

Шыңғыс Әрінов бұған дейін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарған. Ол бұл лауазымға 2024 жылғы ақпанда тағайындалған болатын.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button