Саясат
Тренд

Үкімет мүшелерінің көбі өз орнын сақтап қалды

Үкімет құрамы қайта жасақталып жатыр. Президент Жарлығына сәйкес, негізгі ведомство басшылары қайта тағайындалып, өз орындарын сақтап қалды.

Ақорданың ресми мәліметіне сәйкес, олар өздерінің бұрынғы лауазымдарында жұмысын жалғастырады.

Өз қызметінде қалғандар:

Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.

Қанат Бозымбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.

Серік Жұманғарин — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі.

Жаслан Мәдиев — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі.

Мәди Такиев — Қаржы министрі

Нұрлан Сауранбаев — Көлік министрі 

Ерлан Сәрсембаев — Әділет министрі

Ерлан Ақкенженов — Энергетика министрі 

Ерсайын Нағаспаев — Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

Арман Шаққалиев — Сауда және интеграция министрі

Жұлдыз Сүлейменова  — Оқу-ағарту министрлігін басқара беретін болды. 

Әзірше Үкімет құрамында жалғыз министр жаңадан келіп қосылып жатыр.

Ол  — Мұрат Мұханов. Президент Жарлығымен ол Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button