
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
Мұхтар Тілеуберді 2016-2019 жылдары аралығында Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары болған.
2019 жылғы қыркүйек айында ҚР Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды.
2021 жылғы қаңтардан бастап 2023 жылғы сәуір аралығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі қызметін атқарды.



