Қоғам

«Некені ұзарту қажет»: Әділет министрлігі шұғыл ескерту жасады

Әлеуметтік желіде некені ұзарту қажеттігі туралы алаяқтық сипаттағы жалған хабарлама таралып жатыр, деп хабарлады Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Оның айтуынша, Қазақстанның неке-отбасы заңнамасына сәйкес, неке бір рет тіркеледі және оның белгіленген қолданылу мерзімі жоқ. Сондықтан некені қайта тіркеу немесе оның мерзімін ұзарту қажет емес.

«Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша бұзылуы мүмкін. Сондай-ақ заңда көзделген басқа жағдайларда да неке тоқтатылады. Неке тек тіркеуші орган арқылы немесе сот тәртібімен бұзылады», — деп түсіндірді Талғат Уәли.

Осыған байланысты Әділет министрлігі азаматтарды мұндай хабарламаларға сенбеуге, олардағы сілтемелерге өтпеуге және жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button