Қоғам
Тренд

Астанада қазақ даласын аралап жүрген саяхатшы қыздың велосипедін ұрлап кетті

Бүрлен Әділетқызы Қытайдың Шыңжаң өлкесінде дүниеге келген Қазақстанды велосипедпен аралауды сәуір айында бастаған.

Қазақ даласын аралап жүрген саяхатшы Бүрлен Әділетқызының велосипедін біреулер ұрлап кетті. Бұл туралы журналист Бердібек Қабайұлы өзінің facebook парақшасында жазды.

Айтуынша, саяхатшы қыздың велосипеді Астана қаласында қолды болған.

«Велосипедші қызымыз Бүрленді білесіздер ғой. Осы Бүрлен қыздың қазақ даласын 76 күнде түгел жүріп өткен велосипедін Астанада тұрған жерінен әлдекімдер ұрлап кетіпті. Енді Бүрлен қарындасымыз жылап елден көмек сұрап отыр. Қарындасымыз үшін сол велосипедтің орны ерекше екені айтпаса да түсінікті.

Сондықтан Астана қаласының полиция басқармасы ұрыны тауып, қазақ даласын басып өткен темір атты тауып қарындасымызға берсе екен деймін. Ал ұрлап кеткен адам ұяты оянып өзі қайтарып берсе тіптен жақсы болар еді», — деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Бүрлен Әділетқызы Қытайдың Шыңжаң өлкесінде дүниеге келген Қазақстанды велосипедпен аралауды сәуір айында бастаған.

2024 жылы Үрімші қаласынан Астана қаласына дейін 26 күнде жеткен. Сол сапарында ол өз велосипедін Тұңғыш Президент музейінің қорына тапсырған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button