Қоғам

Түрксіб вокзалы қайта жаңғыртылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары қолға алынған болатын.

Осы ауқымды жобаның нәтижесінде Тұрар Рысқұлов ауданындағы Луговой станциясының теміржол вокзалы да толық жаңғыртудан өтіп, жолаушылар игілігіне қайта берілді.

Қазіргі таңда Луговой станциясы арқылы тәулігіне 28 пойыз өтеді. Вокзал күн сайын 50-ден 300-ге дейін жолаушыға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар биылдан бастап Talgo жоғары жылдамдықты пойызының да осы станцияда тоқтауы – Луговойдың көлік-логистикалық маңызын арттыра түскенін көрсетеді.

Түрксіб вокзалы енді заманауи талаптарға сай қызмет көрсетіп, өңірдің көлік қатынасындағы маңызды нысандардың бірі ретінде өз жұмысын жалғастыра бермек.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button