Қоғам
Тіке сұрақ қоя алмайды: журналистердің депутаттармен жұмыс істеу тәртібіне өзгеріс енгізілмек

Жаңа Құрылтайда бұдан былай журналистер депутаттарды кулуарда тоқтатып, пікір жаза алмайды.
Бұл туралы Құрылтай аппараты жетекшісінің орынбасары Болат Кальянбеков мәлімдеді.
Оның айтуынша, журналистер депутаттарға барлық сұрақты баспасөз орталығында ғана қоя алады. Яғни журналистерге тек арнайы пресс-орталық бекіткен депутаттар ғана шығып жауап береді.
«Құрылтайдың нақты форматы жасалып жатыр. Соған сәйкес, журналистердің депутаттармен жұмыс тәртібі баспасөз орталығына ауыстырылады. Онда БАҚ өкілдері брифингке немесе баспасөз мәслихатына өздері келген депутаттарға сұрақ қояды», – деді Кальянбеков.
Алайда жаңа тәртіптің нақты форматы әзірше пысықталып жатыр. Соңғы шешімді Құрылтай бюросы қабылдауға тиіс.



