Қоғам
Тренд

«Қайғыға батқан ұлт бейнесінен арылу қажет»: Тоқаев мектеп оқулықтарындағы мұң мен қайғы тақырыбын азайтуды тапсырды

Мемлекет басшысы тарихи фактілер мен оқиғалар бұрмаланып көрсетілген мектеп оқулықтарын қайта қарауды талап етті.

Президенттің айтуынша, мектеп оқулықтарында әсіресе Қазақ әдебиетінде мұң мен қайғы тақырыбына тым көп мән берілген.

«Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам өрескел қате анықталды. Мұның салдары мектептегі білім сапасына айтарлықтай кері әсер етеді. Ойланып көріңіздерші, оқулықтарда 700-ден астам қате бар. «Үнемі қайғырып жүретін ұлт» бейнесінен арылу қажет. Мұң-шер жастарға жақын болмауы керек», — деді Тоқаев «Жаңа Конституция – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында өтіп жатқан тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде.

Тәуелсіздік сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен педагогтердің Тамыз конференциясының пленарлық отырысы өтіп жатыр.

Биылғы конференция «Жаңа Конституция – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбына арналып отыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button