Әлем
Арменияның экс-президенті Роберт Кочарян қамауға алынды

Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян қамауға алынды. Бұл туралы елдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеті мәлімдеді.
Сондай-ақ оның ұлы да ұсталған.
25 тамызда құқық қорғау органдары Роберт Кочарян мен оның отбасы мүшелеріне тиесілі ондаған мекенжайда тінту және өзге де тергеу шараларын жүргізген.
Экс-президент кеңсесінің басшысы Баграт Микоянның айтуынша, Роберт Кочарян сол күні таңертең Арменияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетіне жеткізілген.
Бұдан бөлек, құқық қорғау органдары Кочарянның ұлдары Левон және Седрак Кочаряндардың пәтерлеріне де барған.
Тергеу әрекеттерінің нақты қандай іс аясында жүргізіліп жатқаны және экс-президент пен ұлына қандай айып тағылғаны әзірге нақтыланған жоқ.



