Мәдениет
Тренд

Белгілі ақын Air Astana компаниясының үстінен шағымданды (ВИДЕО)

Air Astana компаниясы тағы да сын садағына ілініп жатыр. Айтыскер ақын Сырым Әуезхан Air Astana әуекомпаниясының қызметіне көңілі толмайтынын айтып шағымданды, деп хабарлады tiek.kz.

Айтуынша, онлайн билет сатып алғанына қарамастан, әуежай қызметкерлері бортқа жібермеген. Себебін сұрағанда «кешігіп келдіңіз!» деп жауап берген.

Сондай-ақ, мұндай жағдайға өзі ғана емес, бірнеше адамның тап болғанын айтады.

қынның ойынша, орын басқа жолаушыларға сатылып кеткен.

Билет сатып алған жолаушының ұша алмауы — әділетсіздік ,ұят пен масқара жағдай», — дейді ол.

Осылай деп атап өткен Сырым Әуезхан Air Astana компаниясынан түсініктеме беруді талап еткен.

Әуекомпания өкілдері Tiek.kz әлеуметтік желідегі жазбаларының біріне жауап жазды. Ол жерде былай делінген:

Tiek.kz Threads парақшасындағы жазбасына Air Astana жауабы

    Қайырлы күн! Жолаушылардың онлайн орын таңдай алмауының себебі барлық тегін орындарды басқа жолаушылар және агенттіктер алдын ала брондап қоюында. Әуебилетін сатып алу барысында жолаушылар ұшақтың ішінде тегін орын таңдай алатынын еске саламыз. Егер жолаушыға тіркеу кезінде тегін орын жоқ деген хабарлама келсе, жолаушы ұшу әуежайында әуекомпания қызметкерлерінің көмегіне жүгіну керек. Қызметкерлер бортта апаттық қатардағы бос орынды немесе MySeat ақылы орындарын таңдап береді.
Отырғызу талонын тіркеу жабылғанға дейін алу қажет. Рейске тіркеу ұшуға 40 минут қалғанда жабылады, осы уақыттан кейін жолаушылар ұшаққа жіберілмейді. Сондықтан жолаушылардан әуежайға алдын ала келуін сұраймыз.

А

 

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button