Саясат

Алматы волонтерлері жаңа Конституцияны қолдады

5 наурыз күні Алматы қаласында 2026 жыл – Халықаралық еріктілер жылының салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды.

Іс-шараға шамамен 450 адам қатысты. Олардың қатарында еріктілер ұйымдарының өкілдері, волонтерлік қозғалыстардың үйлестірушілері, белсенді және «күміс» еріктілер, сондай-ақ серіктес ұйымдар болды.

Іс-шараның форумдық бөлігінде волонтерлік ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар және серіктестер арасында ашық пікір алмасу өтті.

Қатысушылар еріктілер қозғалысын дамыту бағыттарын және 2026 жылға арналған негізгі міндеттерді талқылады.

«Алматыда еріктілер қозғалысы жыл сайын нығайып, мыңдаған жанашыр тұрғынды біріктіріп отыр. Еріктілер әлеуметтік, экологиялық және қалалық бастамаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып жатыр. Әкімдік тарапынан еріктілік ұйымдарды жүйелі қолдау және еріктілер инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасады», — деді Алматы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов.

Іс-шара аясында еріктілер ұйымдарының жәрмеңкесі өтті. Онда қатысушылар жобасы мен қызмет бағытын таныстырды. Атап айтқанда, әлеуметтік еріктілік, спорттық бастамалар, төтенше жағдайлар мен қауіпсіздік саласындағы жобалар, сондай-ақ жастар мен цифрлық бастамалар ұсынылды.

 

tiek.kz

Back to top button