Сараптама
Тренд

Абайды малға теңеді: Тараздағы жаңадан ашылған сауда орталығының атауы дау тудырып жатыр

Тараз қаласында жаңадан ашылған сауда орталығының атауы әлеуметтік желі қолданушыларының арасында қызу пікірталас тудырып жатыр, деп хабарлады tiek.kz.
Абай көшесінде орналасқан нысанның маңдайшасы ілінген «ABAY MALL»  жазуы тұрғындардың наразылығына ұшыраған.
Оқиғаның мәні ағылшын және қазақ тілдеріндегі сөздердің жазылу ұқсастығында болып отыр. Ағылшын тіліндегі «mall» (сауда орталығы) сөзі жазбаша түрде қазақтың «мал» сөзімен бірдей дерлік қабылданады. Осының салдарынан көпшілік қауым бұл тіркесті ұлы ақын, философ Абай Құнанбаевтың есіміне қатысты орынсыз теңеу деп есептеп, мұны тарихи тұлғаның рухына жасалған құрметсіздік ретінде бағалауда.
Желі қолданушыларының пікірі бір арнаға тоғыспады. Кейбір азаматтар сөздің оқылу заңдылығына сүйеніп, «бұл сөз «мол» деп дыбысталады, бірақ Абай есімімен қатар қолданылуы бәрібір ерсі естіледі» деген пікір айтуда.
Ал енді бір топ ғимарат иелерінің сауатсыздығын сынап: «Бәрі заманауи болғысы келеді, шетелге саяхаттайды, бірақ екі сөздің мағынасын дұрыс саралай алмайды», — деп кейістік білдірген.
Қазіргі таңда аталған сауда орталығының басшылығы тарапынан бұл жағдайға қатысты ресми жауап немесе түсініктеме берілген жоқ.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KYN.KZ ақпарат агенттігі (@kyn.kz)


Басқа жаңалықтар

Back to top button