Заң үстемдігі
Тренд

Жаңа Конституцияға қатысты фейк таратқан тұрғын жауапқа тартылды

Бұл туралы қалалық полиция департаменті ақпарат таратты

Алматы қаласында жаңа Конституция жобасына қатысты жалған ақпарат таратқан тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жерді шетелдіктерге сатуға тыйым алынып тасталды деген мазмұндағы ақпарат тараған. Алайда бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді және ресми құжаттарға қайшы келеді.


Сот шешімі шықты

Полиция материалдары негізінде іс сотқа жолданып, ауданаралық әкімшілік сот азамат А.-ны жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп таныды.

Сот шешімімен оған 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды.


Фейк ақпарат расталмады

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тараған хабарламада Конституция жобасының мазмұны әдейі бұрмаланған. Аталған құжатта:

  • шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынбаған;

  • бұл норма қолданыстағы заңнамада сол күйінде сақталған.


Полиция ескерту жасады

Алматы полициясы тұрғындарды тек ресми дереккөздерге сүйенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.

Ведомствоның ескертуінше, жалған мәлімет тарату Қазақстан заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button