Заң үстемдігі
Тренд

Пышақ ұстағандардың қолын сындыру керек – депутат ұсынысы (ВИДЕО)

Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов көшеде пышақ ұстап, жаппай төбелеске қатысатын адамдарға қатысты жазаны қатаңдату мәселесін көтерді

Оның айтуынша, қоғамдағы тәртіпсіздік пен жауапсыздықтың артуы қылмыстың көбеюіне тікелей әсер етіп отыр.

Депутат бұл мәселені заң деңгейінде қатаң реттеу қажет екенін айтты.

«Біріншіден, қоғамның тәртіпсіздігі. Екіншіден, жауапсыздық. Заңнан қорықпау деген сөз. Мынадай заң шығару керек шығар — пышақ ұстаған адамдардың қолдарын сындыру керек, содан кейін соттау керек. Сол кезде тыйылады. Қазір өте көбейіп кетті. Бетімен, шектен асып кетті», — деді Данияр Қасқарауов.

Бұл мәлімдеме соңғы күндері қоғамда үлкен резонанс тудырған Шымкенттегі қайғылы оқиғадан кейін айтылды.

Еске сала кетсек, Шымкент қаласында көшеде жаппай төбелес болып, қақтығыс барысында суық қару қолданылған. Оқиға салдарынан бір адам ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды.

Полиция дерегінше, төбелеске қатысы бар бірнеше адам ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аталған оқиға елдегі қоғамдық тәртіп, көшедегі қауіпсіздік және суық қару қолдануға қатысты жауапкершілік мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button