АЭС салу бойынша референдум өтетін күн белгілі болды

Ол туралы президенттің өзі айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауы барысында АЭС тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болғанын еске салды.

“Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын. Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті жарлыққа қол қоямын”, — деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болады.

“Шын мәнінде, бұл – “Халық үніне құлақ асатын мемлекетке” тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз”,-деп түйіндеді мемлекет басшысы.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―