Азаматтық авиация комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Тоты Әмірова Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты пікір айтты. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мынадай жазба қалдырған:
Ақтау қаласының әуежайының жанында болған әзірбайжан ұшағының апатынан кейін 1 сағат ішіндегі жағдайлы ескере отырып, барлық қазақстандық жергілікті органдардың кәсіби әрі ұйымдасқан жұмысын атап өту керек. Осы апат кезінде тірі қалғандардың көп болуы солардың алғашқы көмегіне тікелей байланысты. Осындай қиын сәттегі ең басты тұлға — апат туралы хабарлама ала салысымен өрт сөндіруші, дәрігерлер сынды қажетті персоналды шақыру туралы шешім қабылдаған Ұшу жетекшісі. Қазірдің өзінде жедел желі құрылып, жолаушылар тізімі жарияланды. Ақпарат жиі беріліп, министрлер видео арқылы сөйлеп жатыр. Шенеуніктер шешім қабылдаудан қорықпайды. Бұл — басқарушылардың жоғары біліктілігін көрсетеді. Тірі қалғандар көп болса екен.