«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы сотталды

Бас көлік прокуратуарысының баспасөз қызметінен мәліметінше экс-шенеунік бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты «Жақсы-Есіл – Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге, соның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді салуға бөлінген 200 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін үкім шығарды.

Келісімшарттың заңды бұза отыры жасалғаны және берілген аванстың ысырап етілгендігі дәлелденді. Жоба бойынша жұмыс басталмаған.

«Сотталғандар 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот мемлекетке келтірілген залалды өндіріп алды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ»,-делінген хабарламада.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―