Ауыл шаруашылығы министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта Қазақстан қай елдерден тұқым импорттап отырғанын айтты.
Министрлік мәліметінде еліміз басқа елдерден дәнді, майлы, бұршақ, жемшөп тұқымдары мен көкніс тұқымын сатып алатыны айтылған.
— Қаржы министрлігі мен Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, импорттық тұқымдардың 250 мың тоннасы Ресейден, 2 мың тоннасы Түркиядан, 1 мың тоннасы Германиядан, 0,7 мың тоннасы Франциядан, 0,5 мың тоннасы Италиядан, 0,4 мың тоннасы Мажарстаннан, 0,3 мың тоннасы Нидерландтан әкелінеді, — деп жазылған жауапта.
Айта кетейік, Қазақстанда тұқымның 72% немесе 1,74 млн тонна отандық тұқым өндірушілердің есебінен қамтамасыз етіліп отыр.