Қарызға батқан қазақстандық

Қазақстанда бір өзі 116 кредит алған адам бар. Елімізде әр азамат орта есеппен 2 несиеден алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінде айтылған.

Бір қызығы, 2023 жылдың ішінде бір ғана ер адамның алған қарыздарының саны 69-ға барған. Яғни, әр ай сайын шамамен 5-6 несиеден алып отырған.

Ал алдыңғы 2022 жылы бір азамат 79 несие рәсімдеген.

Елдімізде кредит алудан рекордсмен атанған әйел бар. Аты-жөні аталмайтын ол 116 кредит арқалап үлгерген.

Ерлер де, әйелдер де көп жағдайда 1 банктен ғана кредит алуды жөн көреді. Қазақстанда қарыз алушы 8,9 млн адамның 64 пайызы тек бір банктің алдында қарыз.

Екі банкте кредиті барлар үлесі – 26%. 3 банкке берешек болып қалғандар үлесі – 8%.

Бұған дейін агенттік тілшісі Қазақстандағы несие алушы азаматтардың жай-күйіне шолу жасаған болатын.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―