2025 жылы 4 облыста пәтер тапшылығы сезілуі мүмкін

Үкімет отырысында «Отбасы банк» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова елдің қай өңірлерінде баспана тапшылығы сезіліп отырғанын айтты. 

— «Наурыз» және «Отау» бағдарламалары бойынша 68 700 ұсыным берілді. Дегенмен, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қызылорда, Атырау облыстарында тұрғын тапшылығы байқалады. Бұл келесі жылы да қайталануы мүмкін, — деді банк басшысы.

Сондай-ақ ол Baspana Market порталына ілінген 19 мыңға жуық пәтердің бағасы бір жыл бойы өзгермейтінін айтты.

— 2024 жылдың басты бағдарламасы «Наурыз және «Отау» болды. Аталған бағдарламалар іске қосылғаннан кейін нарықта тұрғын үй бағасының көтерілуіне жол бермеу үшін Baspana Market порталын бойынша брондау қолға алынды. Құрылысшылар осы порталға өз пәтерлерін қойғанда 12 ай бойы пәтер бағасын өсірмеуге тиіс. Қазіргі таңда порталда 921 объектіден тұратын 19 мыңға жуы пәтер бар, — деді Ләззат Ибрагимова.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―