Сүйінші! «Қарағанды-Балқаш» жолы ашылды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы «Қарағанды-Балқаш» автомобиль жолының (1492,4-1855 шақырым аралығы) ресми түрде көлік қозғалысы үшін ашылғанын хабарлады.

Қайта жаңарту аясында жол ІІІ санаттан І-б техникалық санатқа ауыстырылды. Яғни, автожол енді төрт жолақты. Ал, жалып жоба құрылысы барысында келесі нысандар салынған:

— 11 көпір;
— ауылшаруашылығы техникасына арналған 32 жолөтпе;
— 3 көлік жол айрығы;
— теміржол арқылы өтетін бір жолөтпе.


Жол пайдаланушылардың қолайлығы үшін 18 демалыс алаңдары, 24 аялдама, сондай-ақ 1452 жарық бағаналары орнатылған. Қазіргі таңда учаскедегі көлік қарқындылығы тәулігіне 18 мың автокөлікті құраса, ал жаз мезгілінде 25 мыңға дейін өсуі мүмкін.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―