Киіктен зардап шеккен шаруаларға өтемақы берілмейді — БҚО әкімі

Жайылым мен шабындық жерін киік таптаған шаруалар мемлекет тарапынан өтемақы ала алмайды. Өйткені ондай норма заңда қарастырылмаған. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Астанадағы брифингте осылай деді.

Біз осы мәселемен Ауыл шаруашылығы министрлігіне арнайы хат жолдап, олар да келіп біздің өңірге, шаруа қожалықтарымен кездесіп, яғни, оған өтемақы берілмейтіні түсіндірілді. Себебі оған арнайы ереже бекітілуі керек. Арнайы сол ережеде өтемақы төлеудің жолдары көрсетілуі керек — деді аймақ басшысы

Сондай-ақ, биыл да осындай мәселемен шағымдар түсіп жатқанын растады. Нариман Төреғалиев, бұл ретте шаруа қожалықтарына тиесілі жерлерді қоршауға әрекеттеніп жатқанын айтты. Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, республикалық бюджеттен субсидиялау көзделіп отыр екен. Осы жұмыстарды жүзеге асыруға қанша қаржы керек екені әзірге белгісіз.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―