Кей азаматтар өрт сөндірушілерді үйіне кіргізгісі келмейді — Төтенше жағдай министрі

Бүгін үкіметте Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жылу беру маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы баяндама жасады. Айтуынша, жеке тұрғын үйлер министрліктің бақылауына жатпайды екен. Сондықтан, аулаларды аралап, ұсыныс айтумен ғана шектелуге мәжбүр. Оның өзінде кедергілер аз емес көрінеді.

Оған қоса, көп жағдайда халық үйлеріне бас сұқтырмай, кеңес алудан бас тартады. Соған қарамастан, азаматтарды өрт қауіпсіздігі шаралары туралы SMS-хабарламалар, үйлер мен мүлік иелерінің бірлестіктерінің чаттары арқылы хабардар етіп отырамыз — деді Шыңғыс Әрінов.

Бұдан бөлек, әлеуметтік осал топ өкілдерін бақылауда ұстау мәселесі де айтылды. Министр бұл ретте 11 қазанда Қостанай облысы Жітіқара қаласында болған қайғылы оқиғаны мысал етті. Өрт кезінде қараусыз қалған 5 баланың жанып кеткенін айта келе, пешінде ақауы бар үйлердің дені осындай әлеуметтік осал топтарға тиесілі екеніне назар аудармақ болды. Министрліктің есебінде осындай 100 мыңнан аса үй есепте тұр екен.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―