Ақылы терминалдағы бетонға соғылып, жүргізуші көз жұмды

Алматы облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты. Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Chevrolet Cobalt жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 25-шақырымында келе жатып, рульді басқара алмай, бетон қоршауға соғылған.

Содан кейін инерция бойынша алдында тұрған Hyundai Sonata автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Cobalt жүргізушісі сол жерде қайтыс болды. Тергеу жалғасып жатыр», — дейді Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Елжан Чупеков.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―