Бұл мәселені мәжілістегі үкімет сағатында депутаттар көтерді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жауап берді.
Депутат Ерлан Барлыбаевтың пікірінше, мәселені шешу ел экономикасына оң әсер етер еді. Алайда министрлік басшысы бірден жауап таба алмады.
«Міне, сізге былай жауап беру керек деп ойлаймын … бүгінгі таңда бұл мәселе қарастырылмайды, мораторий 2027 жылға дейін жарияланды», — деді ол.
Бұл ретте министр зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселесі қаралып жатқанын айтты.
«Қоғамда Ұлттық банктің зейнетақы жинақтарын басқаруды толығымен қайта қарауды – талаптар қоюды, сондай-ақ ЕТЖ-дан ең төменгі зейнетақы төлемін есептеуді өзгертуді ұсынатын сарапшылардың ұсыныстары талқыланатынын білесіз. Ол бүгінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65 пайызы ретінде есептеледі. Алайда біз базалық зейнетақыны өзгертсек те, мұның бәрі бюджеттің мүмкіндігіне байланысты екенін бәріміз жақсы білеміз. Бүгінгі таңда бұл мәселелер күн тәртібінде тұрмайды», — деді Жақыпова.