Тұрмыстық-отбасылық құқық бұзушылық артып жатыр

Жыл басынан бері 8 айда Қазақстандағы отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық 1,6 мыңға жеткен. Бұл 2023 жылдың қаңтар-тамыщз айларымен салыстырғанда 2,8 есе көп. Бұл туралы Ranking.kz порталы жазды.

Отбасылық-тұрмыстық саладағы ең көп қылмыстық құқық бұзушылық Алматы облысында жасалды: бір жыл бұрын 56 оқиға тіркелсе, биыл 202-ге жетіп, бір жылда 3,6 есе көбейген.

Екінші орында Алматы қаласы, бір жылда 7 есе өскен. Үшінші орында Түркістан облысы.

Отбасылық-тұрмыстық саладағы ең аз қылмыстық құқық бұзушылық Ұлытау, Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.

Отбасылық-тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылықтардың 39,4%-і ұрып-соғу, 8 айда осындай 628 құқық бұзушылық тіркелген.

Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың кең таралған түрлері:

денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру – 186 оқиға,

кісі өлтіру – 74,

зорлау – 27,

жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық – 27.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―