Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мәдени іс-шараларға жеңілдіктер беріледі

Мүмкіндігі шектеулі жандар күні қарсаңында «Шекарасыз мәдениет» акциясы жарияланған. Бұл туралы Қазақстан мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

13 қазан мен 31 желтоқсан аралығында өтетін акция аясында I, II және III топтардың ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мемлекеттік мәдени ойын-сауық мекемелері өткізетін іс-шараларға тегін кіре алады.

«Акцияның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мәдениет нысандарының қолжетімділігін арттыру, елдің мәдени өміріне қатысуын қамтамасыз ету және олардың проблемаларына қоғам назарын аудару», — дейді министрлік мамандары.

Айта кетері, бүгінде ерекше қажеттіліктері бар балалар мен бірінші және екінші мүгедектік тобы бар ересектер кез келген уақытта бейінді мемлекеттік мекемелердің мәдени ойын-сауық іс-шараларына тегін кіре алады. Ал үшінші топ үшін 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған.

Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісі мүмкіндігі шектеулі жандар күні ретінде аталып өтеді.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―