Қазақстанда білім беру ұйымдарының аумағында әртүрлі сылтаулармен заңсыз ақша жинауға мұғалімдерді тартуға болмайды. Мұндай әрекеттердің заңсыз екенін Оқу-ағарту министрлігі ескертті.
Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша белсенді жұмысты жалғастырып жатыр.