Халық арасында «буынсыз адам» атымен танылған белгілі өнерпаз өнерпаз Айдос Тоқтарбай жасы 40-тан енді асқан шағында қайтыс болды.
Актер Рахман Омар Instagram-дағы парақшасында қаралы хабар туралы жазды. «Айдос Тоқтарбай бауырымыз мезігілсіз өмірден өтті. Цирк өнерінің шебері», — деп жазды өнер иесі.
Еске салайық, пышақ жұтып, кішкентай чемодан, әйнекке оңай сыйып, таңғаларлық трюктер жасайтын Айдос Тоқтарбаев соңғы сұқбаттарының бірінде жатақханада пәтер жалдап тұратынын айтқан болатын.