Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын тестілеудің жаңа қағидалары бекітілді

Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау процесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған ҚАЗТЕСТ тестілеуін өткізудің жаңа қағидалары бекітілгенін хабарлады.

ҚАЗТЕСТ тестілеуін қағаз және электронды форматта тапсыруға болады. Диагностикалық тестілеудің ұзақтығы 1 сағат 10 минут, сертификаттық тестілеу үшін 2 сағат 7 минутты құрайды.

Тест «Тыңдалым» бөлігі бойынша 20 тапсырмадан, «Оқылым» бөлігі бойынша 40 тапсырмадан, «Жазылым» бөлігі (тек сертификаттық тестілеу үшін) бойынша 2 жазбаша тапсырмадан және «Айтылым» бөлігі (тек сертификаттық тестілеу үшін) бойынша 2 ауызша тапсырмадан тұрады.

Белгілі бір деңгейдегі сертификат алу үшін әр тест блогынан шекті балл жинау керек. Шекті балл дұрыс жауаптардың 30%-дан 80% аралығын құрайды. Бұл ретте «Жазылым» және «Айтылым» бөліктерінің максималды балы 50 балл болып табылады.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―