165 мыңға жуық адам өзін құмар ойындардан шектеу құқын пайдаланған

Туризм және спорт министрлігі өзін құмар ойындардан шектегендер туралы жаңартылған мәліметті жариялады.

2024 жылдың 7 қазанына дейін 164 523 өзін құмар ойындардан шектеген:

eGov mobile арқылы – 161 707 адам;

жазбаша – 2 816 адам.

Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің мәліметіне сәйкес, құмар ойындарға қатысудан өзін шектегендер арасында ең көп үлес 31-35 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі:

eGov mobile арқылы – 38 180 адам (жалпы санның 24,27%);

жазбаша – 878 адам (жалпы санның 29,77%).

Өзін құмар ойындардан, бәс тігуден шектеу бойынша онлайн қызмет 2024 жылдың 18 наурызында енгізілді. Ведомство пилоттық жоба оң нәтиже көрсетіп, құмар ойындарға қатысу көрсеткіші төмендеп жатқанын атап өтті.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―