Қазақстанда әскерге күзгі шақыру басталды

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, армия қатары 20 мыңнан астам сарбазбен толығады. Міндетті әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы, мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруға немесе босатуға негіз жоқ азаматтар шақырылады.

«Мемлекет басшысының 2024 жылғы 1 ақпандағы жарлығына сәйкес Қазақстанда күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды, ол желтоқсанның соңына дейін жалғасады»,  деп хабарлады ведомство.

Министрлік кадрларды іріктеу науқаны барынша ашық форматта өтеді деп сендіреді. Қорғаныс бөлімдерінде де сенім телефоны жұмыс істейді.

Министрлік күзгі әскерге шақыру кезінде келесі құрамалар: Қарулы Күштердің бөлімшелері, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Мемлекеттік күзет қызметі шақырылатынын хабарланды.

Биылғы жылы сарбаздарға арналған жеңілдіктер заңды түрде бекітілді:

• Қызмет көрсету кезінде және жұмыстан шығарылғаннан кейін екі ай ішінде демалыс қолданылады.

• 6 мыңнан астам әскери қызметшіге 1,828 млрд теңге сомасында төлемдерді кейінге қалдыру қарастырылған.

• Белгіленген мерзімде қызмет еткендер жатақханада тұру және оқу жеңілдіктерімен қамтамасыз етіледі.

• 1,5 мыңнан астам әскери қызметші жоғары оқу орындарына тегін, 700-ден астам адам ақылы негізде оқуға түсті.

• Биылғы жылдың көктемінде запасқа алынған 400-ден астам әскери қызметші келісімшарт бойынша әскери қызметке кірді.

«Жыл сайын Қарулы Күштерде әскери қызметшілерді мемлекеттік куәлік бере отырып, сабақтас кәсіптік мамандықтар бойынша оқыту ұйымдастырады. 2023 жылы 1200-ге жуық маман оқытылды. Биылғы жылға 1300-ден астам адам жопарланды», деп хабарлады министрлік. 

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―