Заң үстемдігі
Тренд

Тағы бір блогерге іздеу жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті тағы бір блогерге іздеу жарияланғанын хабарлады. 

Бұл жолы 26 жастағы Махмуд Хикматов онлайн казино ісі бойынша іздеуде жүргендер тізіміне енгізілген.

Оған «Pin Up» онлайн-казиносына қатысты айып тағылған. Бұған дейін  Kozachkov.offsiade Telegram арнасы 26 жастағы блогер Махмуд Хикматовқа үш ай бұрын іздеу жарияланғанын жазған еді.  Блогер тыйым салынған интернет-казиноға ойыншылар тартуда маңызды рөл атқарды деген күдікке ілінген.

Дереккөздің айтуынша, «Pin Up» онлайн-казиносын әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде түрлі танымал тұлғалар арқылы белсенді жарнамаланған. Олардың қатарында Қайсар Қамза да болған, ал Хикматов сол адамдармен байланыста болған деген болжам бар.

у

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button