Қоғам

Ақтаулықтар Джеки Чанға ауыз су мәселесін айтып шағымданды

Біздің үйде әр жаз сайын ауызсу болмайды. Бұл мәселе жылдан-жылға қайталанып келеді.

Ақтаулықтар Джеки Чанға ауыз су мәселесін айтып шағымданды, деп хабарлады Стан.кз телеграм арнасы. 

Қала тұрғындары актердің әлеуметтік желідегі парақшасына пікір қалдырып, өңірдегі ауыз су тапшылығы туралы жазған.

«Құрметті Джеки Чан! Ақтау қаласына қош келдіңіз! Сізді дана әрі құрметті актер ретінде білеміз. Бірақ біздің үйде әр жаз сайын ауызсу болмайды. Бұл мәселе жылдан-жылға қайталанып келеді. Бұл – Ақтау тұрғындары үшін үлкен проблема», – деп жазған тұрғындардың бірі.

Бірі әлемдік жұлдыздың назарын аударуға тырысса, енді бірі өңір мәселелері талқыланатын ортақ чаттарда әкімнің былтыр берген уәдесін еске салған.

Ануар Туляковтың айтуынша, өңірдегі су тапшылығының себебі судың жетіспеушілігі емес, су құбырларының тозуы. Осыған байланысты құбырларды толық жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button