
Тоқаев төрт елшіні қызметінен босатты, деп хабарлады tiek.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Рәпіл Жошыбаев Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы,
Арман Исағалиев Қатар Мемлекетіндегі,
Абзал Сапарбекұлы Мажарстандағы және Мәди Атамқұлов Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Абылқайыр Сқақов Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы, Бақыт Батыршаев Қатар Мемлекетіндегі, Анель Бақытбекқызы Мажарстандағы, Болат Иманбаев Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Болат Иманбаев осыған дейін Қазақстанның Армения Республикасындағы елшісі қызметін атқарған. Сондай-ақ Қазақстанның Үндістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Есқараев қоса атқару тәртібімен Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасы мен Непалдағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.



