Қоғам

«Бәріміз дипломды тастап, әртіс болайық»: Белгілі заңгер әнші Аша Матайды дебатқа шақырды

Әртістер заңгерлерге заң шығарып бермек ниетті. Сонда заңгерлер мамандығы не үшін керек?

Заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі жазбасында қоғамда пікірталас тудырған блогерлер мен өнер адамдарының заң тақырыбындағы мәлімдемелеріне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның сөзінше, қазір өзін заңнан хабары бар адам ретінде көрсетіп, көпшілікті шатастыратын блогерлер мен әртістердің белсенділігі артқан.

«Мен заңдарды білемін деп шімірікпей халықты алдайтын блогерлер, әртістердің заманы жүріп жатқан сияқты ғой», – деп жазды заңгер Instagram парақшасында.

Шекеев бір блогердің заңгерлерге тиіскенін, ал тағы бір өнер адамының заңдарды оқыдым деп, енді заңгерлерге заң шығаруға дайын екенін меңзеді. Заңгер мұндай жағдайда кәсіби мамандардың еңбегі мен дипломының құны қандай болатынын сұрақ етіп қойды.

«Бір жан өзі бар болғаны әртіс-блогер болғанына қарамастан, заңгерлерге тиістіріп аузын ашып жатса, екінші әртіс заңның бәрін оқыдым деп, заңгерлерге ертең заң шығарып бермек ниетті. Сонда заңгерлер мамандығы не үшін керек? Бәріміз дипломдарымызды тастап, әртіс болайық та», – деді ол.

Осы жазбасынан кейін Мейірман Шекеев блогер Жан мен Аша Матайды ашық дебатқа шақырды.

«Блогер Жанды да, Аша Матайды да бірге қоса жекпе-жек дебатқа шақырамын! Қолдайсыздар ма?» – деп жазды заңгер.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button