Қоғам

«Байтақ» жасылдар партиясы Құрылтай сайлауына 51 үміткер ұсынды

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Құрылтай депутаттығына 51 үміткерден тұратын партиялық тізімді бекітті.

Шешім партияның кезектен тыс съезінде бірауыздан қабылданды.

Тізімге партия төрағасы Азаматхан Әміртаймен қатар экологтар, геологтар, заңгерлер, кәсіпкерлер, дәрігерлер, мұғалімдер және инженерлер енді.

Партия мәліметінше, Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттардың құжаттары заңнамада белгіленген тәртіппен жуық арада Орталық сайлау комиссиясына жолданады.

Бұған дейін Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысатын кандидаттар тізімін өзге саяси партиялар да бекіткен болатын. Атап айтқанда, «Ауыл» партиясы — 69, «Ақ жол» демократиялық партиясы — 63, Қазақстан халық партиясы — 72, Respublica партиясы — 76, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 33 кандидатты ұсынды.

Осылайша, елдегі саяси партиялар құрылтай сайлауына дайындық жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Партия мәліметінше, Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттардың құжаттары заңнамада белгіленген тәртіппен жуық арада Орталық сайлау комиссиясына жолданады.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button