Саясат
Тренд

«600 млн теңге жұмсаймын»: Азаматхан Әміртай Жасылдар партиясын өз қаржысына ұстайтынын айтты

«Байтақ» жасылдар партиясы мемлекеттен қаржы алмайды. Бұл туралы партия төрағасы Азаматхан Әміртай сиезден кейін журналистермен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды tiek.kz.

Айтуынша, партияны өз қаржысымен ұстап тұр.

«Біз мемлекеттен қаржыландырылмаймыз. Партияны өзімнің жеке қаражатыммен ұстап тұрмын. Жұмысты қамтамасыз ету үшін біраз ақша керек қой. Бір жылға шамамен 600 миллион теңгедей кетеді», — дейді партия төрағасы.

«Оны қайдан алып отырсыз? Бизнеспен айналысасыз ба?» деген сауалға Әміртай мырза  «иә, мен бұрын көп жыл бойы кәсіпкерлікпен айналыстым. 13 жасымнан бастап 39 жасқа дейін бизнесте болдым», — деп жауап берді.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button